Дина Айкенова: Азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында кері байланыс орнады

24 Желтоқсан 2020, 16:25
1231
Бөлісу:
Дина Айкенова: Азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында кері байланыс орнады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы Еуразиялық интеграция институтында «Тұрақсыз әлемдегі тұрақты мемлекет: Тоқаевтың 2020 жылғы басты жеті ісі» баяндамасының тұсаукесері өтті. 

Еуразиялық интеграция институты ұйымдастырған шараның мақсаты – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі жыл қорытындыларын сараптамалық талқылау. Тұсаукесерге отандық ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Саяси консультант Дина Айкенованың айтуынша, Президент Тоқаевтың 2020 жылғы қызметінің негізгі бағыттарының бірі мемлекет пен биліктің қоғамдық сауалдарға ден қоюы болды. 

Осы тұрғыда Мемлекет басшысы халықпен кері байланыс орнату, пікірлер плюрализмі мен баламалылығын көтермелеу арқылы қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенім радиусын кеңейтуге бағытталған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды жалғастырды. Азаматтардың құқықтарын қорғау және жеке адамға қарсы жазаларды қатаңдату бөлігінде үлкен жұмыс жүргізілді, - деді ол.

Саяси консультант 2020 жылды қорытындылай келе, бірінші кезекте, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында кері байланыс орнату трендіне ерекше тоқталды.

Біз бұл тенденцияны түрлі твиттерден, хабарламалардан көре аламыз. Бұл мемлекеттік органдарды қолжетімді ете отырып, қолжетімді кері байланысты қалыптастырады. Тағы бір айта кететін жайт, мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерге көшуі. Бұл үрдіс әлі де таныла бермек. Біз АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденнің мысалынан бұл үрдістің қаншалықты маңызды екенін байқаймыз. Яғни, саяси партиялар мен мемлекеттік аппараттың осы бағыттардағы жұмысы азаматтардың саяси институттарға деген сенімін арттыруы мүмкін, - деп есептейді саясаттанушы. 

Кездесу барысында ол қоршаған ортаны қорғауға баса назар аударатын жас ұрпақтың әлеуетін атап өтті. 

Сонымен қатар жануарларға қатысты адамгершілік көзқарас, жалпы экология мәселесі айналасындағы әңгімелерге тоқталуға болады. Неліктен бұл маңызды? Бүкіл әлемде саяси белсендігі аз саналатын жастар бұл мәселелерге үлкен қызығушылық танытады. Егер Y, X ұрпағы үшін бұл мәселелер маңызды болмаса, жастар үшін өте маңызды. Бұл болашақта саяси реформа осыған бағытталуы мүмкін дегенді білдіреді, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы