Дін саласында құқық бұзғандарға айыппұл салынды

7 Тамыз 2020, 20:40
1934
Бөлісу:
Дін саласында құқық бұзғандарға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жайлы Атырау облысының Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды kazislam.kz.

 Жыл басынан бері Атырау облысының Полиция департаменті әлеуметтік желіде мониторинг жасап, дін саласында 57 әкімшілік құқықбұзушылық анықтаған. 

Соның ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодектің 453-бабы "Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату" бойынша 25 құқықбұзушылық,  490-бап "Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" бойынша 31 құқықбұзушылық анықталған. Барлығына әкімшілік хаттама толтырылып, Атырау қаласының арнайы сотына материалдар жіберілген.

Құқықбұзушыларға салынған барлық айыппұлдың жалпы көлемі бір миллион теңгеден асады. Полиция департаменті діни бағыттағы материалдарды ғаламторда тарату үшін әлеуметтік желілерге жүктемеуді ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы