Бас жаңалықтар
Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобына арналған семинар өтті
25 Қыркүйек 2020, 20:15 1616

Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобына арналған семинар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы ҚР Ұлттық музейінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған семинар өткізді.

Семинар «Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастырудың жаңа әдістері мен тәсілдері және шешендік өнерді дамыту» тақырыбында өтті.

Өткізілген семинардың басты мақсаты - елорда тұрғындары арасында дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін мамандардарға уақыт талабына сай үгіт –насихат жұмыстарының жаңа әдіснамалық құралдарын таныстыру болды.


Аталмыш іс-шараға «Нұр-сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының» басшысы Н.И.Әлмұханов, АТТ мүшелері және еліміздің ғылыми және сарапшылық қауымдастығының өкілдері қатысып өз ойларын ортаға салды.

Семинар барысында дін саласындағы ақпараттық топтардың қызметі, мақсаты бұқарамен байланыс мәселелері, өткізілетін іс-шаралардың тақырыптарын таңдау, АТТ мүшелері жұмысының жаңа әдістермен жаңғырту мәселелері, сондай-ақ дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізудің психологиялық және мазмұндық аспектілері талқыланды.

Теология ғылымдарының докторы, «Рухани құндылықтарды қолдау» корпоративтік қорының сарапшысы Балғабек Мырзаев өз сөзінде, дін саласындағы заңнамалар мен құқықтық құралдарды халыққа тиімді және түсінікті тілде жеткізу, әсіресе қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілік мәселелерін неғұрлым дәл және қарапайым түсіндіру идеясы маңызды екенін атады. Сондықтан, қазіргі қоғамның жаңа трендтерін ескере отырып, жастармен жұмыстың жаңа әдістері мен нысандарын үнемі жетілдіру қажеттілігі өткір мәселе болып отырғандығын сарапшы ерекше атап өтті.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саяси ғылымдар докторы, аймақтану кафедрасының меңгерушісі Айгерім Оспанова өз баяндамасында бүгінгі күні азаматтардың көпшілігі дінге қатысты ақпаратты тек ғаламтор желісінен алу арқылы көбіне деструктивті діни ағымдардың құрығына ілініп жатқанын аңғармай қалатынын атап, дін тақырыбында кәсіби мамандар емес, әрбір желі қолданушылары пікір айту тренді адасудың алғышарты деді. Сондықтан ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің ғаламтор мен әлеуметтік желілерде де белсенді болуы мен қандай бір діни тақырып пен оқиғаға байланысты жедел реакция беруі уақыттың талабы болып отырғанына мән берді.

Тележурналист, блогер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нұрбек Бекбау деструктивті діни ағымдар идеологиясына қарсы іс-қимылда масс-медиа мен ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің күш-жігерін біріктіру қажеттігі атап, бұл жұмыста АТТ мүшелерінің шешендік шеберлігін күшейтудің, сөз сөйлеу тоналдылығының, әрбір спичті жоспарлаумен және мақсатты аудиторияға бағытталған ақпараттық жұмыстарда «сторителлеинг» әдісін қалай ұтымды пайдалануға болатындығын көрсетіп өз тәжірбиесімен бөлісті. Сондай-ақ, Нұрбек Бекбау мырза отандық БАҚ-та діни тақырыптарға материалдарды кәсіби түрде жаза алатын, дайындай алатын журналистердің жетіспейтіндігін және жоғары оқу орындарының болашақ журналистерді тек экономикалық, саяси, спорттық және мәдени салаларға ғана емес, сонымен қатар дін саласында да бағыттап оқыту қажеттілігінің маңыздылығын шет елдердің тәжірбиелері арқылы салыстырмалы түрде көрсетіп берді.

Оқу семинарын қорытындылай келе, Нұр-сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Жанбота Қарашолақов жалпы қоғам үшін де, діни тақырыпқа қызығушылық танытқан жеке азаматтар үшін де әсер ететін жаңа трендтерді ескере отырып, дін саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын жүйелі түрде жаңартудың маңыздылығын атады. Және қоғам мен дін саласындағы саясат ұштасқан тұста бүгін туындап отқан басты мәселе «әйелдер арасындағы» діни деструктивті рекруттың дамуы екенін атап, сәйкесінше аталған мәселеге байланысты «әйел адамдармен» ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізе алатын мамандар легін даярлау күн тәртібіндегі мәселе екендігіне назар аударды.


Іс-шара соңында Нұр-сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Н.Әлмұханов Нұр-сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б. Мәкеннің атынан АТТ мүшелеріне алғыс хаттар мен сертификаттарды табыстады.


Фото: дереккөз
Загрузка...