Дін мен дәстүр – ағымдарға қарсы иммунитет

13 Қараша 2019, 11:49
3196
Бөлісу:
Дін мен дәстүр – ағымдарға қарсы иммунитет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің қатысуымен семинар өтті. Бұл туралы Түркістан облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинарда еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алу мәселелері айтылды.

Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің біліктілігін көтеру, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру мен қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру жайы сөз болды.

Семинар-тренингтің жұмысына ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Қуанышбаев Арман, белгілі дінтанушы Мұқан Исахан, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен дін саласына жауапты қызметкерлері, жоғары, орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары және магистранттары, ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілі, қала, аудандардың бас имамдары, қала, аудандардың жалпы орта мектептерінің "Зайырлылық және дінтану негіздері" пәнінің мұғалімдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинар-тренингті Түркістан облысы қоғамдық даму басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Сариев Дәурен Нұрланұлы ашып, жүргізіп отырды.

Қазіргі кезде Қазақстанда әлеуметтік-саяси өмірде діннің рөлі арта түсті. Дін - қоғамдағы рухани мәдени саланың аса маңызды бөліктерінің біріне, тұғырлы әлеуметтік институтқа айналып келеді. Халқымыздың едәуір бөлігі нақ осы дін арқылы дәстүрлі құндылықтар мен қоғамдық парасаттық ұстанымдарын қайта жаңғыртуға ұмтылуда. Бүгінгі шараның мақсаты - еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту болып отыр, - деп атап өтті.

Кездесу барысында ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Қуанышбаев Арман, дінтанушы Мұқан Исахан, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкіл имамы М.Ақтамберді тренингке қатысушыларға зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқынымызды ескере отыра елдің тыныштығы мен келешегі үшін діннің тура жолынан жаңылмауымыз керек екенін түсіндірді.

f5cb5bad-af92-4c1c-badf-f28091950ad9.jpg

Елімізге танымал ұстаз Арман Қуанышбаев өз сөзінде дін мен дәстүрдің сабақтастығы бүгінде үлкен рөл атқаратынын, қазақтың салты мен санасы Ислам дініміздің тамырына негізделгенін жеткізді. Келешек ұрпақтың ұлты үшін қызмет етуіне барлық ата-аналар тал бесіктен тәрбие беру керектігін де тілге тиек етті.

Кездесу соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.

Өзгелердің жаңалығы