Бас жаңалықтар
Димаштың Youtube арнасы «алтын батырма» алды
VIDEO
12 Ақпан 2021, 20:38 1034

Димаштың Youtube арнасы «алтын батырма» алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергеннің Youtube арнасы «алтын батырмаға» ие болды.

Бұл туралы әнші өзінің Іnstagram-дағы парақшасында айтты.

Құрметті достар, бұл бейнетаспаны түсіріп отырған мақсатым, сіздерге алғыс айту. Біздің Youtube арнамыздың оқырмандар, көрермендер саны миллионнан асып, осындай тамаша марапатқа ие болып жатырмыз. Ең алдымен менің өнеріме баға беріп, әрқашан да «осы баланың болашағы жарқын болсыншы» деп тілеуімді тілеп жүретін әлем бойынша әрбір тыңдарманыма шын жүректен мың мәрте рахмет айтқым келеді. Осы сәтті пайдаланып, менің шығармашылығыма ерекше атсалып жүрген ұжымыма, менеджерлеріме, әрине, ата-анама туған-туыс, ағайын-бауырларыма, жерлестеріме үлкен рахмет айтқым келеді, – деп алғысын білдірді Димаш. 

Фото: дереккөз
Загрузка...