Бас жаңалықтар
Димаштың украиналық фанаттары «Самалтау» әнін орындады
VIDEO
28 Қаңтар 2021, 11:02 1188

Димаштың украиналық фанаттары «Самалтау» әнін орындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергеннің украиналық фанаттары «Самалтау» халық әнін украин тілінде орындады. 

Бұл туралы сол елдің музыканты Ирина өзінің Іnstagram-дағы парақшасында жазып, ән салушылардың бейнеролигін жариялады. 

Димаш Құдайберген жүректі тебірентер «Самалтау» әнін алғаш рет 2019 жылы 20 қазанда Қытайдың Фучжоу қаласында «Жібек жолы» халықаралық кинобайқауының жабылуында шырқаған болатын.

Бұл композиция қазақ ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен орындалады. Әуенде құстардың шуы мен иттің ұлыған даусы қең сахараны жайлаған қазақ ұлты тарихының қайғылы беттерінен сыр шертеді.

Димаш бұл әнді әлемнің жүз елінің тыңдармандары тамашалаған «Dimash Digital Show» онлайн концертінде де орындаған болатын.



Фото: дереккөз
Загрузка...