Димаштың Мәскеуде өтетін концертіне билеттің бәрі де сатылып кетті

3 Ақпан 2019, 10:47
2030
Бөлісу:
Димаштың Мәскеуде өтетін концертіне билеттің бәрі де сатылып кетті
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Астана, BAQ.KZ. Әнші Димаш Құдайбергеннің 22 наурызда Мәскеудегі Кремль мемлекеттік сарайында өтетін жеке концертіне билеттің бәрі де сатылып кетті. Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында жазды,

«22 наурызға арналған билеттердің бәрі сатылып кетті. 23 наурызда екінші концерт өтетінін жариялаймын. Билеттер қазір сатылымда. Кремльде кездескенше!», - деп жазды ол.


Димаш Астанада өткен баспасөз мәслихатында 22 наурыз күні Ресейдің «Кремль» сарайында ең алғашқы жеке концерті өтендігі туралы айтқан болатын.

«Бұл концерттің бұрынғы концерттен өзгеше тұстары болады. Концерттік бағдарламаны жасаған кезде Қытайда, бірнеше қалада үлкен стадиондарда концерт өткіздім. Бірақ оны әр қалада, әр елде болатын концерттеріме кішкене бағдарламалық тұрғыда өзгеріс енгіземін. Сол себепті Ресейде өтетін концерттерімде жаңадан репертуарыма енгізіліп жатқан әндер қосылады», - деген еді.

Өзгелердің жаңалығы