Бас жаңалықтар
Димаштың Кремльдегі концерті аншлагпен өтті
24 Наурыз 2019, 11:33 1346

Димаштың Кремльдегі концерті аншлагпен өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген Кремльде екі күн қатарынан өткен концертіне көмек көрсеткен жандарға ризашылығын білдірді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Рақмет, Мәскеу! Екі күн қатарынан Кремльде аншлаг болды! Сіздер үшін өнер көрсеткенім үшін бақыттымын. Осы жобамен жұмыс істеген барлық адамға шын жүректен алғысымды білдіремін. Бүгін «1-каналда» (Ресей телеарнасы-авт) кездесеміз», - деп жазды әнші Инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, 22 наурыз күні Мәскеудегі концертке Димаштың шығармашылығына шынайы берілген әлемнің елуден астам елінен жанкүйер келген. Құрметті қонақтар арасында әншінің ата-анасы, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі, Ресей премьер-министрінің жұбайы, эстрада жұлдыздары және өзге де беделді азаматтар болған. 



Сізден жаңалық