Бас жаңалықтар
Димаштың Еуропа қалаларындағы концерті басталды
17 Ақпан 2020, 08:45 129

Димаштың Еуропа қалаларындағы концерті басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергеннің Ресейдің Краснодар қаласында "Арнау" бағдарламасымен концерті өтті, деп хабарлайды  Dimashnews.

7500 адамға арналған Баскет-холл залы лық толған. Көрермендердің арасында сүйікті әншісінің жанды дауысына құлақ құрышын қандыруға Ресейдің басқа аймақтарынан келген адамдар аз емес.

Фойеде қазақстандық әншінің талантын қадірлеушілер фан-аймақта суретке түсіп, оның фотосуреті бар плакаттарды сатып алып жатты. 

Бұған дейін белгілі болғандай, Димаш 16 ақпанда Краснодарда (Ресей), 20 ақпанда Қазанда (Татарстан, Ресей), 23 ақпанда Екатеринбургте (Ресей), 7 наурызда Ригада (Латвия), 9 наурызда Мәскеуде (Ресей), 11 наурызда Киевте (Украина), 19 наурызда Гамбургте (Германия), 21 наурызда Дюсселдорфта (Германия), 23 наурызда Штутгардта (Германия), 25 наурызда Прагада (Чехия), 4 сәуірде Минскіде (Беларусь) жеке концертін өткізбек.



Фото: дереккөз
Загрузка...