Димаштың бірінші альбомы 37 секундта платина дискі болды

14 Маусым 2019, 12:33
2193
Бөлісу:
Димаштың бірінші альбомы 37 секундта платина дискі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергеновтың iD деп аталатын жеке альбомын сатып алушылар қатары секунд сайын өсіп жатыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Бір сағат бұрын менің алғашқы жеке альбомым шықты. 37 секунд ішінде «платина» деңгейіне жетті. Ал бір сағатта 3 мәрте «платиналық» сатылым мөлшеріне шықты. Өте бақыттымын. Мені барлық бастамаларымды қолдап келе жатқан тыңдармандарыма көп рақмет! Менің табысым сіздердің арқаларыңызда», – делінген Димаштың Instagram-дағы парақшасында.

Димаштың бірінші альбомы 37 секундта платина дискі болды

Музыкалық альбомға «платина» деңгейі сатылым мөлшерімен белгіленеді. Оның шегі әр елде әрқалай екенін айту керек. 

Шоу-бизнес қарқынды дамыған АҚШ-та бұл деңгей 1 млн сатылымнан басталатын көрінеді, ал көрішлес жатқан Ресейде 100 мыңдық сатылыммен өлшенеді.

Қазір оның репертуарындағы «Ой жайлау», «Қараторғай», «Ұмытылмас күн», «Еркелетейін» әндері жастардың жүрегіне жол тауып үлгерді. 

Өзгелердің жаңалығы