Ақтөбедегі үй қабырғасында Димаш Құдайбергеннің суреті пайда болды

26 Мамыр 2019, 14:39
3542
Бөлісу:
Ақтөбедегі үй қабырғасында Димаш Құдайбергеннің суреті пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің тасқа салынған декоративті көркемсуреті пайда болды. Аталған сурет Instagram-дағы aktobe_zello парақшасында жарияланды.

Ақтөбедегі үй қабырғасында Димаш Құдайбергеннің суреті пайда болды

№12 шағын ауданда орналасқан үйдің қабырғасына салынған әлемге танымал әншінің суретінің авторы әзірге белгісіз. Жобаның бастамашылары осылайша Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады.

Еске сала кетсек, 24 мамырда Димаш Құдайберген 25 жасқа толды. Әнші Youtube-тағы парақшасында әлемнің барлық еліндегі жанкүйерлерінің құттықтаулары жиналған әсерлі видеороликті жариялады. АҚШ, Франция, Қазақстан, Ресей, Испания, Жапония, Чехия, Австралия және басқа да елдердегі фанаттар Димашты туған күнімен құттықтады.

Өзгелердің жаңалығы