Димаш Құдайбергеннің Instagram-дағы парақшасы не себепті жоғалып кетті?

12 Қаңтар 2022, 14:44
2437
Бөлісу:
Димаш Құдайбергеннің Instagram-дағы парақшасы не себепті жоғалып кетті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Танымал эстрада жұлдызы Димаш Құдайбергеннің Instagram-дағы парақшасы осыдан бірнеше күн бұрын жоғалып кетті. Себебін анасы Света Айтбаевадан сұрап көрдік.

Редакциямыз Димаштың жақындарымен байланысып, оқырмандары парақшасы неліктен жоғалып кеткеніне алаңдап отырғанын жеткізді. 
Света Айтбаева әншіміздің парақшасы қайда кеткенінің себебін айта алмайтынын жеткізді.

Ол әркімнің жеке дүниесі ғой. Оған неге қызығушылық танытып отырғандарыңызды түсініп тұрған жоқпын. Неге жоғалғанының себебін айта алмаймыз, - деп Димаштың анасы қысқа ғана жауап берді.

Бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде болған жағдайларға байланысты әнші Димаш Құдайбергенов әлеуметтік желі арқылы өз пікірін білдіргендігі туралы жазған болатынбыз. 

 

Өзгелердің жаңалығы