Димаш Құдайберген Муз-ТВ премиясына қатысады

8 Сәуір 2019, 16:58
2117
Бөлісу:
Димаш Құдайберген Муз-ТВ премиясына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы әншінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шоу-бизнестің ең маңызды, ауқымды да айтулы оқиғаларының бірі - Муз-ТВ премиясына қатысады.

Ерекше дарынды, талантты Димаш Құдайберген музыкалық кештің арнайы қонағы ретінде шақыртылған.

Танымал музыка саласындағы XVII Жыл сайынғы ұлттық телевизиялық премиясы 2019 жылғы 7 маусымда Мәскеудегі «Мегаспорт» спорт кешенінде өтеді.

Ең беделді де әділ өтетін музыкалық марапат Ресейде 2003 жылдан бері өткізіліп келеді.

Өзгелердің жаңалығы