Димаш қазақстандық "Ник Вуйчичпен" достасты

21 Қыркүйек 2019, 14:20
2434
Бөлісу:
Димаш қазақстандық "Ник Вуйчичпен" достасты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық "Ник Вуйчич" атанып кеткен Әли Тұрғанбеков әлеуметтік желісіндегі парақшасында өмірінде болып жатқан жағымды жаңалығын бөлісті. 

Аяқсыз туған балақай өзінің Instagram-дағы парақшасына танымал әнші жазылғанын қуанышпен жеткізді. 

"Ұмытылмас күн!!! Достар, маған @kudaibergenov.dimash-тың өзі жазылды, бақыт үшін көп нәрсе қажет емес! Әр сәтті жақсы көріп, ләззат алыңыз және Жаратушыға алғыс айтыңыз. I am very very happy!!! Димаш аға, Сізге үлкен бақыт тілеймін! Мен өте қуаныштымын!!!", - деп жазды Әли Тұрғанбеков Instagram-дағы парақшасында. 


Өз кезегінде танымал әнші Димаш Құдайберген кішкентай Әлидің жазған постына жауап қайтарып, ақ тілегін білдірді. 

"Ботақаным үлкен жігіт болып өс. Ата-анаң, бауырларың ең үлкен байлығың солар аман болсын", - деп жазды Димаш.

Өзгелердің жаңалығы