Димаш party: Қытайлық жұбайлар ерекше той өткізді

14 Қазан 2020, 16:40
3483
Бөлісу:
Димаш party: Қытайлық жұбайлар ерекше той өткізді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазан айының 4-і күні Гуанчжоу қаласында үйлену тойы өтті. Бас қосқан жастар той тақырыбын Димашқа арнаған. 

Бұл туралы dimashnews.com жазды.

Қалыңдық 2017 жылдан бері қазақстандық әншіні сүйіп тыңдайды. Күйеуі екеуі Димаштың Қытайда өткен алғашқы концертіне бірге барған.

Димаш party: Қытайлық жұбайлар ерекше той өткізді

Сяо Ли мен Минг 5 жылдан бері таныс. Минг 2017 жылдан бастап сүйіктісінің Димаштың өнеріне қызығушылығын байқап, қолдау көрсетті. Болашақ жарының көзінен қуаныш көру, ғашық жігіт үшін бақытты сәттердің бастамасы болатын.

Димаш party: Қытайлық жұбайлар ерекше той өткізді

Сяо Ли өзінің ерекше оқиғасымен бөлісті.

Димаш Қытайда алғаш рет туған күнін тойлаған кезде, Гуанчжоу Dear-лері бейне құттықтау жазу үшін жиналғанбыз. Менің жанымдағы жігітті көрген қыздар оны Димаштың жанкүйері деп ойлап, таң қалды. Бірақ ол мені қолдау үшін келіп, қасымда жүрді. Содан бері Минг біздің ортада «жалған фанат» деген лақап атқа ие болды, - деді ол.

Димаш party: Қытайлық жұбайлар ерекше той өткізді

Ол Димаштың Чаншада өткен Қытайдағы алғашқы концертін еске алды.

Бұл менің «жалған фанатыммен» барған алғашқы концертім. Алдын ала билет сатып алдық. Шағын саяхатымызды жоспарлап, жолға шықтық. Желтоқсан айында Чанша күн өте суық болады. Оның үстіне жаңбыр жауды. Минг екеуміз салқын ауа райын ұнатпаймыз. Соған қарамастан, ол менімен бірге болды. Димаш жүрген көшеде жүріп, Димаш жеген тофуды бірге жеп, Димаш суретке түскен жерлерде мені суретке түсірді. Концерт болатын күні біз ерте келдік. Қатты толқып тұрдық. Мен концерт бойы ерекше сезімде болып, сахнадан көзімді ала алмадым. Менің «жалған фанатым» осы сәттердің барлығын суретке түсіріп, фотограф міндетін атқарды. Концерттен бейнежазба түсіруге көмектесті, - деді бойжеткен.


Димаш party: Қытайлық жұбайлар ерекше той өткізді

Сяо Ли Чаншадағы бұл концерт олардың өмірі үшін ерекше сәттерге толы күн болғанын айтты. 

Сондықтан үйлену тойын ұйымдастырушы жұбайым екеуміздің есте қалар сәтімізді сұрағанда, «Чаншадағы ғажайып сапар» дедім. Минг екеуміз осы естеліктерді барлығын біздің үйлену тойымызда қайталанғанын қаладық. Және оны достарымыз, отбасымыз, қонақтармен бөлісеміз деп шештік, - деді ол.

Димаш party: Қытайлық жұбайлар ерекше той өткізді

Оның айтуынша, тойда Димаштың әндері шырқалған. Асаба жиналғандарға Минг екеуінің Чаншадағы Димаштың концертіне барғанын айтып берген. 

«Жалған фанатым» Димаш Қытайға қайта келген кезде мен үшін одан құттықтау жазып, тойда тосынсый жасамақ ойы болғанын айтты. Өкінішке қарай, қазір Димаш Қытайға сирек келеді. Бұл идея жүзеге аспаса да оның әрекетінің өзі маған қатты әсер етті. Қасымдағы жұбайыма қарап «Ия, мен жар таңдауда қателеспедім» деп ойладым, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы