Бас жаңалықтар
Димаш үлкен сахнаға тағы бір талантты шығарды
PHOTO
12 Желтоқсан 2019, 03:33 4913

Димаш үлкен сахнаға тағы бір талантты шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде өткен "Baqytty Bala" халықаралық конкурсының жеңімпазы Айкерім Тілеубек Димаштың Нью-Йорктегі Arnautour ENVOY концертінде "Гауһартас" әнін орындады. Бұл туралы Dimashnews.com сайты жазды. 

Айкерім елордалық №82 мектептің оқушысы. Ол музыкалық фестивальдің бас жүлдесі мен Димаштың концертіне жолдама жеңіп алған. 

0d8a9472-1024x683.jpg

Бастапқыда концерт қай қалада өтетінін білмедім. Ұйымдастырушылар бұл туралы кейінірек хабарлады. Нью-Йоркте өнер көрсететінімді білгенде қуанышымда шек болмады. Бұл менің бала кезімнен келе жатқан арманым. Мен оның орындалатынына шексіз қуандым, - деді Айкерім. 

Сонымен қатар Айкерім Димашқа еліктейтінін жасырмады. Оның айтуынша, ол жасының кішкентай болғанына қарамастан үлкен сахналарды бағындырып, әлемге өз елі туралы айтып келеді.

Мен елімізде осындай тұлғаның бар екенін мақтан тұтамын. Және де оған ұқсағым келеді. Өзімнің ұлттық бірегейлігімді, Димаш сияқты кішіпейілдігімді сақтап, Отанымды, халқымды биіктерден көрсеткім келеді, - деді Айкерім. 

Еске сала кетейік, "Baqytty bala" музыкалық фестиваль конкурсы I маусымының финалисі Нарғыз Жанұзақ Лондонда өткен Indigo at the O2 концерт залының сахнасында әйгілі әншімен бірге мега-жұлдыздармен дуэтте өнер көрсетті. Ал екінші Бас жүлде иегері Ержан Максимм ресейлік "Голос. Дети" танымал жобасында мәскеулік көрермендерді дарынымен тамсандыра білді.




Фото: дереккөз
Загрузка...