Бас жаңалықтар
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті бис-те көрсетіледі
20 Қаңтар 2021, 10:42 472

Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті бис-те көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті жанкүйерлерге керемет әсер сыйлады. Шоу 31 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша 20:00-де қайтадан көрсетілетін болады.

Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.

Tixr стримингтік платформасы мен Димаш «DIMASH DIGITAL SHOW» қайталауын көрсетеді.

Билеттері бар жанкүйерлерге қайтадан билет сатып алудың қажеті жоқ. Олар бис-шоуды қолда бар билеттер бойынша тамашалай алады. Оларды сатып алуға әлі үлгермеген жанкүйерлерге 31 қаңтарға дейін сатып алу ұсынылады, - делінген хабарламада.

31 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 22:30-да «DIMASH DIGITAL SHOW» көрсетілімінен кейін көптен күткен «Post-Show Q&A session» тікелей эфирі өтеді. Іс-шара барысында жанкүйерлер Димашты көруге, оған сұрақтар қоюға, онлайн-концерт туралы әсерлерімен бөлісуге, сондай-ақ әртістің жоспарлары туралы білуге мүмкіндік алады. 

«Post-Show Q & A session» билеттері dimash.tixr.com. сайтында қол жетімді, олардың сатылымы кез келген уақытта жабылуы мүмкін. 


Фото: дереккөз
Загрузка...