Бас жаңалықтар
Димаш Құдайберген «Славян базары» ән байқауына қазылық етеді
29 Сәуiр 2021, 06:21 582

Димаш Құдайберген «Славян базары» ән байқауына қазылық етеді

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 2021 жылы өтетін «Славян базары» ән байқауында қазылық етеді, деп хабарлайды Mnews.kz.

Димаш 2018 жылы да Беларусь елінде жыл сайын өтетін «Славян базары» байқауында төрелік етті. Ал 2015 жылы бұл байқауда әнші ретінде бағын сынап, гран-при жеңіп алған еді.

«Славян базары» өнер фестивалі аясында балалар мен ересектерге арналған эстрадалық ән байқауына Қазақстаннан ұлттық іріктеуді Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жүргізеді. Ал Витебскідегі байқаудың финалында Димаш Құдайберген қазылар алқасының құрамында болады.

Димаш өз сұхбатында «Славян базарына» қатысқаннан кейін әншілік мансабы өрлей бастағанын, тек өз елінде ғана емес, басқа жерлерде де таныла бастағанын айтты. Биыл Димаш Қазақстан өкілі ретінде эстрадалық ән орындаушылары байқауында қатысушыларға баға береді, – деп хабарлады «Славян базарын» ұйымдастырушылар.

Витебскідегі 30-шы «Славян базары» байқауы биыл 14-19 шілде аралығында өтеді. Алайда әнші бұл туралы парақшасында әлі жариялаған жоқ.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...