Бас жаңалықтар
Димаш Джеки Чанның фильмдер апталығына қатысады
16 Шілде 2019, 09:55 326

Димаш Джеки Чанның фильмдер апталығына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джеки Чанның V жыл сайынғы фильмдер апталығының ашылу рәсімі шілденің 21-нен 27-сіне аралығында Шаньси провинциясындағы Датун қаласында өтеді. 

Іс-шара аясында қытай фильмдерімен қоса, шетелдік өнер туындылары көрсетіледі. Сонымен қатар, экшн-фильмдер бойынша наградалар беріледі. 

Қазақтың дарынды әншісі Димаш Құдайберген - Джеки Чанның фильмдер апталығының қонағы ретінде шақырылды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Айта кетейік, Димаш Қытайда өткен I am Singer шоуына қатысқан кезде Джеки Чанмен танысқан болатын.  

Актер Димаштың өнеріне тәнті болып, онымен жеке кездесуге ниет білдірген. Кездесу барысында Джеки Чан жас әншіге эксклюзивті киім мен ән тыңдауға арналған құрылғыны сыйлады. Өз кезегінде Димаш та кездесуге құр қол бармай, актерге домбыра мен шапан сыйлап, Нұрғиса Тлендиевтің «Әлқиссасын» тартып берді. 

c00720d8-a959-4c8a-8d44-21ec50b2817f.jpeg


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық