Бас жаңалықтар
Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді
VIDEO
09 Тамыз 2020, 21:09 346

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді

Алматы, BAQ.KZ. Әнші Димаш Құдайбергеннің "Қайран елім" атты әніне түсірілген жаңа клипі қалың көрерменге жол тартты.

Бұған дейін Димаш жаңа әнге өзінің продюсерлігімен клип түсіріп жатқанын хабарлаған еді. Клип еліміздің көрікті жері - Көлсайда түсірілген. 

Туындының әнін Ренат Гайсин, сөзін Данияр Алдаберген, Орал Байсеңгір жазған.

Осыдан 1 сағат бұрын, яғни Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00-де әншінің youtube-арнасында жарияланған бейнебаянды 40 мыңға жуық адам тамашалап үлгерген.



Димаш Құдайбергеннің жаңа әнінің мәтіні: 

Қайран елім

әні: Ренат Гайсин
сөзі: Данияр Алдаберген, Орал Байсеңгір

Жанарымда жас бар ма?
Тамшы тамса жасқанба.
Елімді сүйіп,
Көтердім биік
Алақанымды аспанға!

Сынақ түспей әліңе,
Бұл өмірдің мәні не?
Сындар шыңдайды,
Шыңдар сынбайды,
Уақыт ем болар бәріне.


Қайырмасы:

Қайран менің
Туған жерім.
Аман бол, елім,
Ғасырлардай,
Мәңгі соқсын
Сенің жүрегің.
Жалғыз сол ғана тілегім!

Ұмытылсын қайғы мұң,
Жарқырасын ай-күнім.
Шаттансын әр үй,
Қуансын сәби.
Тілеймін әлем саулығын!

Фото: ашық дереккөз
Видео: дереккөз
Загрузка...