Димаш Құдайбергеннің фанаттары мектепке барды

25 Маусым 2019, 15:35
2975
Бөлісу:
Димаш Құдайбергеннің фанаттары мектепке барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеге әлемнің әр түкпірінен Димаш Құдайбергеннің фанаттары келіп, әнші оқыған мектепке, музыкалық колледжге барды. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

АҚШ, Жапония, Франция, Швейцария, Хорватиядан барлығы 8 фанат келді. Келесі аптада тағы 30 адам келіп, Ақтөбе қаласымен, Димаш оқыған мектеп, колледжбен танысады. №32 мектеп-гимназиясына барған фанаттарды әншінің сынып жетекшілері күтіп алып, оларға қызықты оқиғаларды айтып берді.

«Димаш қолындағы барын беретін қамқоршы, жаупкершілігі мол бала болды. Сабақтағы үзіліс кезінде мектеп оқушылары үнемі соның жанына жиналады. Мұны байқап қалып, бақыладым. Ол мектепке үнемі ақша алып келіп, үзілісте асханаға барады. Барлығына бәліш сатып алып, жан-жағында жүрген балаларға таратады. Өзі біреуін де жемейді. «Апай, балалар мені күн сайын күтеді, олардың алғыс айтқанына риза боламын» деп айтады. Сол балалардың ризашылығы Димашты осындай күнге жеткізген шығар», - әншінің сынып жетекшісі Роза Қуанышова.

АҚШ-тан келген Еко Ямагучи 75 жасында алғаш рет бір әншіге фанат болғанын айтып берді. Жапония елінің азаматы алғашқылардың бірі болып фантопқа қосылып, Димаш Құдайбергенмен кездесіп те үлгерген.

«Қазақстан туралы Димаш арқылы білдім. Лос-Анжелесте кездестім. Ол маған қазаққа ұқсайтынымды айтты», - деді фанат Еко Ямагучи.

Өзгелердің жаңалығы