Димаш Құдайберген The World's Best шоуында қазыларды таңқалдырды

7 Ақпан 2019, 12:54
2469
Бөлісу:
Димаш Құдайберген The World's Best шоуында қазыларды таңқалдырды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Димаш Құдайберген америкалық The World's Best («Әлемнің үздіктері) таланттар байқауының алғашқы турында жоғары 98 ұпайға ие болды. 


Қазақстандық әнші SOS d'un terrien композициясын орындап, қазылар алқасын таң қалдырды. Олар әншіге орындарынан тұрып, қошемет көрсетті. Бас судьялар Дрю Бэрримор, Ру Пол и Фэйт Хилл Димаштың өнерін толық 50 ұпайға бағаласа, әртүрлі саладағы халықаралық 50 сарапшының екеуі дауыс беруден қалыс қалып, жалпы 98 ұпайға ие болды. Осылайша ол шоудың екінші айналымына өтті.

Қазылардың бірі Ру Пол Димашқа «You are the reason World’s best was created», яғни осы шоудың құрылуына себеп болғанын айтты. 
The World's Best – актер, тележүргізуші Джеймос Корден  ұйымдастырған алғашқы әлемдік таланттар шоуы.  Бұған әлемнің түкпір-түкпіріндегі кез келген жанрда өнер көрсететін талантты тұлғалар қатысады.  

Еске сала кетсек, Мәдениет және спор министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорк қаласында концерт беруі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ биыл елорда күніне орай Астанада әншінің «Арнау» атты жеке шығармашылық концерті өтеді. 
Назерке АБИБУЛЛА
Өзгелердің жаңалығы