Димаш дәрігерлерге алғыс айтты

27 Наурыз 2020, 02:15
1627
Бөлісу:
Димаш дәрігерлерге алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген басын қатерге тігіп, коронавирус дертімен ауырғандарды емдеп жатқан дәрігер мамандарға зор алғысын айтты. Бұл туралы өнер иесі instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Өзге адамдарға көмектесу үшін басын қатерге тігіп жатқан медициналық қызметшілерге шын көңілден алғыс айтқым келеді. Кеше Қазақстанда екі адам коронавирустан емделгені туралы жаңалық оқыдым. Қазақстандағы және әлемдегі барлық дәрігерлерге басымды иемін, - деп жазды Димаш Құдайберген парақшасына.

Сондай-ақ әнші дәрігер мамандардың еңбегі үлкен құрметке лайық екені туралы жазып, жалақыларын көтеру жайын да жазды.
Әншілер мен кино жұлдыздары әрдайым қошеметке ие болады, бірақ менің көзқарасым бойынша – дәрігерлер одан да зор құрметке лайықты. Еліміздегі барлық дәрігердің жалақысы көтерілсе жақсы болар еді, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы