Димаштың бейнебаяндары Түркияда көрсетіледі

27 Қыркүйек 2020, 22:05
1984
Бөлісу:
Димаштың бейнебаяндары Түркияда көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергеннің әндеріне арналған музыкалық клиптер Түркияда көрсетіле бастады. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

Менің клиптерімді Turkish Music Channel-де көрсету басталды, - деп жазды әнші. 

Орындаушының әндері TMB телеарнасында бір апта бойы күніне бірнеше мәрте көрсетіледі. Ол әлеуметтік желіде "Любовь уставших лебедей" әніне түсірілген клиптің үзіндісін жариялады. 

Бұған дейін Димаш Құдайберген Джеки Чанның "Авангард: Арктикалық қасқырлар" атты жаңа фильмінің негізгі саундтрегін жазған болатын.

Өзгелердің жаңалығы