"Расизмге жол жоқ": Димаш АҚШ-тағы полицейдің өліміне қатысты пікір білдірді

3 Маусым 2020, 14:08
1551
Бөлісу:
"Расизмге жол жоқ": Димаш АҚШ-тағы полицейдің өліміне қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген афроамерикалық полицей Джордж Флойдтың өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.

Жаман ұлт болмайды, тек жаман адамдар болады. Олар кез келген жерде болды. Менің афроамерикалық достарым бар, олармен жақсы қарым-қатынастамыз, олар өте талантты. Әлемде расизмсіз елестетіп көріңізші! Барлық адам тең. Ерте ме, кеш пе барлығымыз Құдайдың алдына барамыз. Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын, мұнда біз тек қонақпыз. Расизмге жол жоқ, - деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салсақ, Флойдты полицейлер 25 мамырда ұстаған болатын. Содан соң бір полицей сегіз минут бойы тізесімен оның мойнынан басқан. Афроамерикалықтың қолында кісен болған, ол қарсылық білдірмеген. Оның өлімінен кейін елде жаппай наразылық шаралары басталып, әлі күнге дейін жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы