Димаш 8 наурызға байланысты үш тілде құттықтау жолдады

8 Наурыз 2021, 17:13
2900
Бөлісу:
Димаш 8 наурызға байланысты үш тілде құттықтау жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қыз-келіншектер мен аналарды 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен үш тілде құттықтады. 

Димаш 8 наурызға байланысты үш тілде құттықтау жолдады.

Қымбатты аналар, әпкелер, қарындастар! Гүл көктемнің көркем мерекесі – халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Нәзік гүлдей құлпырып, әсемдіктің жаршысы, өміріміздің көркі болып жайнай беріңіздер! Жанарларыңыз нұрға, жүректеріңіз шаттықты жырға тола бергей! Шаңырақтарыңызға құт қонып, ырыс, несібелеріңіз арта бергей! Бақытты болыңыздар!, - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында. 

 

Үш сағат ішінде аталған постқа ризашылық білдіретін жанкүйерлерден қырық мыңға жуық лайк пен 2,5 мыңнан астам пікір жазылды.

Өзгелердің жаңалығы