Бас жаңалықтар
"Бәрін басынан бастаймын". Димаш Құдайберген "соңғы" байқауы туралы
31 Қаңтар 2019, 10:39 789

"Бәрін басынан бастаймын". Димаш Құдайберген "соңғы" байқауы туралы

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында CBS телеарнасындағы америкалық The World's Best ("Әлемнің үздіктері") таланттар шоуы туралы мәлімдеме жасады.

"Бәрін басынан бастаймын. Бірақ соған тұра ма? Тұрады. Кім жеңілуге дайын болмаса, жеңуге де дайын емес. Уақыты келген шығар. 3 ақпан. Америка. CBS арнасында жаңа шоу. Бұл менің соңғы конкурсым болады", — деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында. 

Бұл байқауға Димашпен қоса "Голос. Дiти" байқауының жеңімпазы, "Балалар Евровидениесіне" қатысушы Данэлия Төлешова да қатысады. 

Еске сала кетсек, осыған дейін әнші алдағы жоспарларымен бөліскен болатын. Сондай-ақ, Астана күніне орай өтетін "Арнау" концерті туралы да мәлімдеме жасаған болатын.

Сізден жаңалық