Әділет министрі халықпен кездесу өткізді

21 Қараша 2019, 23:58
2290
Бөлісу:
Әділет министрі халықпен кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әділет министрі Марат Бекетаев елордада азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні аясында халықпен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.  

Бейне конференция байланысы арқылы кездесуге өңірлердің тұрғындары да қатысты.

Негізінен азаматтарды атқарушылық іс жүргізу (үй-жайдан мәжбүрлеп шығару, алимент төлеу, сот орындаушыларының іс-әрекеттері мен әрекетсіздігі), туу туралы құжаттарды беру, сондай-ақ сот сараптамалары мәселелері қызықтырды, - делінген хабарламада. 

Министр келген азаматтарға құқықтық түсіндірме жұмысын жүргізді.

Тексеруді талап ететін жекелеген мәселелер бойынша салалық департаменттердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді, бұл сұрақтардың орындалуы бақылауда болады.

Жалпы республикалық іс-шара аясында Марат Бекетаев 15  азаматты қабылдады.Сондай-ақ, ведомство басшысы министрлікте азаматтарды әр айдың үшінші аптасының бейсенбісінде жеке қабылдайды. 

 

Өзгелердің жаңалығы