Әділ Ахметов Жастар театрының директоры болып тағайындалды

23 Қыркүйек 2020, 18:56
5824
Бөлісу:
Әділ Ахметов Жастар театрының директоры болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы режиссер Асхат Маемиров Instagram парақшасында жазды.

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы басшысының бұйрығымен Жастар театрының директоры болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі театр және кино актёрі Әділ Ахметов тағайындалды. Халықтың перзенті, театр мен кино кеңістігінің биіктерін бағындырып жүрген Әділ Аxметовтей шәкіртін тәрбиелеп, өнерге қанаттандырған қазақ өнеріндегі көрнекті тұлға Нұрқанат Жақыпбай ағамызды құтықтаймын! Шәкірттерінің өнер әлемінде биіктерді бағындыруда Ұстаз еңбегі - өлшеусіз! Әділжан, басшылық қызметте абырой биігінен көрінуіңе тілекшіміз! Дегенмен, актёр ретінде сахна мен экранда сомдайтын бейнелерің көп болсын! Өнер кеңістігіндегі алдыңғы толқын ағаларыңның ізін басып келесің! Өзіңдей халықтың бағына ұл тәрбиелеп өсірген Ата-Әжең, Әкең мен Анаңа мың алғыс! Отбасыңда әрқашан бақыт пен шаттық болсын! Айнұрдай аяулы келінмен өмірдің биік белестерін бірге бағындырыңдар, - деп жазды Маемиров. 

Актер осыған дейін «Томирис», «Анаға апарар жол», «Қара шаңырақ», «Парыз», «Астана - менің махаббатым» сынды отандық фильмдерге түскен болатын.


Өзгелердің жаңалығы