"Дикий Арманды" тұтқындаған сәттен суреттер тарады
PHOTO
7 Қаңтар, 18:29 1908

"Дикий Арманды" тұтқындаған сәттен суреттер тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі Арман Жұмагелдиевті тұтқындау сәтінен фотолар тараттты.

Ішкі істер министрлігінің арнайы жасаға арнайы операция кезінде "Дикий Арман" лақап атымен белгілі, қылмыс әлемінің серкелерінің бірі Арман Жұмагелдиевті тұтқындады.

Ол ұсталған кезде қарсылық көрсетуге тырысты. Алайда арнайы жасақтың шешуші тойтарысының арқасында оның қарсылығы нәтиже бермеді - деді ІІМ арнайы жасақ штабының өкілдері.

ІІМ хабарлағандай күдікті ұсталған сәтте түрлі маркадағы 4 жартылай автоматты тапанша және олардың оқ-дәрілері және басқа да суық қарулары болған.

Сонымен қатар оның брондалған көлігі болғаны да айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Арман Жұмагелдиевтің тұтқындалғаны туралы хабарлағанбыз.


Фото: дереккөз
Загрузка...