«Дикий Арман» екі айға қамауға алынды

11 Қаңтар 2022, 17:13
1684
Бөлісу:
«Дикий Арман» екі айға қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі растады.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді, - делінген елорда сотының хабарламасында.

Сонымен қатар баспасөз қызметінің мәліметінше, сұрау салынған ақпарат қолжетімділігі шектелген ақпаратқа жатады. Өзге деректерден хабардар болу үшін қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес тергеп-тексеру амалдарын жүргізуші органға хабарласу қажет.

Өзгелердің жаңалығы