Бас жаңалықтар
Digital Bridge технологиялық форумында білім беру мәселесі талқыланады
14 Қазан 2019, 16:35 366

Digital Bridge технологиялық форумында білім беру мәселесі талқыланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 2019 жылдың 24-25 қазанында жыл сайынғы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді. Бұл туралы Astana Hub баспасөз қызметі хабарлады.

Форумның басты қатысушылары – IT-компаниялар, кәсіпкерлер, сарапшылар, инвесторлар, сондай-ақ мемлекеттік және корпоративтік секторлардың өкілдері. Іс-шараның негізгі мақсаты – сандық даму саласында тәжірибе және инновациялық шешімдер алмасу үшін диалог алаңын ұйымдастыру.

Форумда басты іс-шаралардың бірі «болашақтағы білім: технологиялардың білім беру жүйесін өзгертуі» панельдік сессиясы болады. Сарапшылар бүгін білім беру жүйесінде қандай өзгерістер болып жатқанын және технологияны пайдалану саласының негізгі мәселелерін шешуге қалай көмектесетінін талқылайды. 

«Біз мамандарды даярлаудың бұрынғы үлгісі қазір жарамсыз екенін түсінеміз. Интернет пайда болғанға дейін өмір баяу жүрді. Егер бұрын инженерлерді 4 жыл оқытса, онда бұл білім маманға өмір бойы жететін болатын. Сондай-ақ дәрігерлер қауымын алатын болсақ, олар да өмір бойы бір ота жасап жүретін. Бірақ содан кейін интернет пайда болып, жаһандану үдерісі басталды, бұл ойын ережелерін түбегейлі өзгертті. Енді университетте бір ғана білім алу жеткіліксіз: кез келген инженер мен дәрігердің кәсібінде үнемі өзгерістер орын алуда. Университетте алған білімді өз жұмысымызда қолдана алатынымыз заң емес. Тіпті 99,9% жаңа білім алуға, қайта даярлауға және іздеуге тура келеді. Сондықтан болашақ білімінің алғашқы тірегі - үздіксіз білім», - дейді білім беру саласының маманы, биотехнолог Дәмел Мектепбаева.

Astana Hub баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылы форум қатысушылары үшін түрлі тақырыптарда ашық талқылаулар ұйымдастырылады: болашақтың білімі, венчурлік қаржыландыру, киберспорт мәселелері, бизнес-инкубация, сандық медиа. Мұнда қатысушылар арасында B2B кездесулер ұйымдастырылады.

Форум күндері дәстүрлі түрде жыл сайынғы Astana Hub Awards сыйлығы өтеді, ол Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі, сондай-ақ Astana Hub Battle - технологиялық стартаптар арасындағы жарыстар өтеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...