Бас жаңалықтар
Диетолог күз кезінде қандай азық-түліктерді көп тұтыну керек екенін айтты
05 Қыркүйек 2021, 18:46 4903

Диетолог күз кезінде қандай азық-түліктерді көп тұтыну керек екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетологтар күз кезінде адам ағзасына қажет ең маңызды азық-түліктерді атады.

Ресейлік мамандардың пікірінше, жаз мезгілінен кейін күнделікті тағам үлесіне цитрустық жемістерді, түрлі майлар мен асқабақты қосу қажет.

Бұл туралы RT жазды.

Диетолог әрі нутрициолог Ирина Писареваның айтуынша, жоғарыда аталған өнімдердің қатарына жаңғақтарды, зәйтүн майын, авокадо мен майлы балықты қосқан дұрыс. Бұның барлығы жаз мезгілінен кейінгі көңіл-күй мен иммунитетті жақсартуға өз үлесін қосады.

Бұдан бөлек маман маусымдық жемістер мен көкөністерді естен шығармауға кеңес берді.

Врач-диетолог Наталья Круглова әр тамақтанған сайын асқабақты тұтынуға кеңес береді. Себебі бұл көкөніс бета-каротин мен А дәруменіне бай. Сонымен қатар күз кезінде алма, шабдалы, өрік, қызанақ, қияр және тәтті болгар бұрышын көп жеу керек. Аталған азық-түліктердің құрамында ағзаға қажет түрлі антиоксиданттар мен тағамдық талшықтар бар.

Осы ретте маман күз кезінде көп адамның салмақ қосатынын айтып өтті. Бұл үрдіс ауа райының нашарлауымен байланысты дейді дәрігер. Оның сөзінше, әдетте адамдар күн суыған кезде көңіл-күйін көтеру үшін тәтті тоқаштарды көптеп тұтынатынын айтты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...