Диетолог қалқанша безге пайдалы өнімді атады

11 Сәуір 2021, 19:50
2365
Бөлісу:
Диетолог қалқанша безге пайдалы өнімді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Майшабақты (ред. - сельд) жиі тұтыну қалқанша безі мен жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысына жағымды әсер етеді. Себебі бұл балықта адам организміне қажет заттектер бар. 

Бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында диетолог Светлана Фус жазды.

Майшабақта минералдар, дәрумендер, амин қышқылдары мен пайдалы майлар бар, - деп жазды ол.

Маманның айтуынша, майшабақтың құрамында омега-3 май қышқылының бір жарым-екі тәуліктік нормасы бар. Ал омега-3 жиі тұтынатын адамдар күйзеліске, тері проблемаларына сирек ұшырайды.

Бұдан бөлек май қышқылдары әжімнің ерте пайда болу қаупін азайтады. Сонымен қатар ол ми және көздің ішкі тор қабығына қажет заттек саналады.

Майшабақта йодтың, селеннің, Е дәруменінің жоғары мөлшері бар.

Майшабақтың құрамында мықты антиоксиданттар бар. Ол Е дәрумені мен селен. Екі құнарлы заттек иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін өте қажет. Олар бос радикалдар салдарынан болған зақымды жояды, - дейді Фус.

Бұған дейін гастроэнтеролог және диетолог Нурия Дианова тырнақтың сынғыштығы мен шаштың түсуі ағзада дәрумендер жетіспейтінін білдіретінін айтты.

Оның сөзінше, негізгі дәрумендердің жеткіліксіздігінен солтүстік аймақта тұратын адамдар зардап шегеді. Атап айтқанда D дәруменінің тапшылығы иммунитетке кері әсер етсе, C дәруменінің тапшылығы антиоксиданттық белсенділікті төмендетеді екен.

Өзгелердің жаңалығы