Диас Ахметшәріп: Басшылық арыз жаз деді

15 Шілде 2020, 20:21
6132
Бөлісу:
Диас Ахметшәріп: Басшылық арыз жаз деді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Диас Ахметшәріп жұмыстан кететіндігі туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бүгін менің соңғы жұмыс күнім. Басшылық арыз жаз деді. Жаздық. Ер адамның басына не келіп не кетпейді. Хош. Ең алдымен барлық журналист әріптестеріме алғысымды білдіремін. Талай еңбек атқардыңыздар! Артық кеткен кездерім болса - кешірім сұраймын!!!! Барлық еңбегім - тек халқым үшін. Ауырмаңыздар! Короновирусты жеңіп шығайық, – деп жазды ол.
Сондай-ақ, Денсаулық Сақтау министрлігіндегі әріптестері мен барлық дәрігерлерге, медперсоналға тек қана шыдамдылық пен жеңіс тіледі.


Өзгелердің жаңалығы