Диагноз қоятын, емдейтін күшіміз бар – Біртанов

17 Наурыз 2020, 12:43
2274
Бөлісу:
Диагноз қоятын, емдейтін күшіміз бар – Біртанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халықты сабыр сақтауға шақырды.

Бүгіннен бастап Қазақстанның бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің коронавирус таралуының алдын алу мақсатында жасаған жаңа қаулысы күшіне енді. 

Осыған байланысты ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа ережелерді таныстырып, COVID-19 вирусын емделетінін және оны емдеуге қажетті препараттар бар екенін атап өтті.

Құрметті азаматтар! Бұл төтенше жағдайда сабырлық сақтауды ұсынамыз. Бұл – емделетін инфекция. Бізде диагноз қоятын, емдейтін күшіміз бар. Барлық санитарлық жұмыстар қабылданып жатыр. Қажетті сұрақтар бойынша біздің арнайы кол-орталық 1406 нөмірі арқылы және біздің әлеуметтік желілердегі, интернеттегі сайттар бойынша ақпарат алуға болады. Бұрын мемлекет басшысы жариялаған нормаларды, тәртіптерді сақтауды сұраймыз, - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Айта кетейік, бүгін елордада 14 науқастан коронавирус анықталғаны белгілі болды. Осыған орай бүгіннен бастап Қазақстанның бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің коронавирус таралуының алдын алу мақсатында жасаған жаңа қаулысы күшіне енді

Бас санитардың жаңа қаулысы бойынша енді медициналық ұйымдарда фото-видео түсіруге тыйым салынады.

Қазір Қазақстанда 1536 адам стационар карантинінде, 1094 үй карантинінде жатыр. Жұқпалы вирус жұқтырғандар саны 27-ге жетті.

Өзгелердің жаңалығы