Бас жаңалықтар
Дэвис кубогы: Кукушкин Қазақстанға екінші жеңісті әкелді
01 Ақпан 2019, 18:37 935

Дэвис кубогы: Кукушкин Қазақстанға екінші жеңісті әкелді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Дэвис кубогының Қазақстан мен Португалия арасындағы іріктеу матчында Михаил Кукушкин португалиялық Педро Соузадан айқын басым түсті.

Ол 1 сағат 2 минутқа созылған матчта қарсыласын 6:2, 6:0 есебімен жеңді. Кукушкин мен Педро Соуза арасындағы матчты ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп тамашалады. 

Бүгін Қазақстан-Португалия арасындағы алғашқы матч 21 жастағы Александр Бублик пен 29 жастағы Жоау Соуза арасында өткен болатын. Бублик қарсыласын 6:7, 6:4; 6:4 есебімен жеңіп, теннистен ұлттық құрама сапында алғашқы ұпайға ие болды. 

Ертең 2 ақпан күні жұптық матчта Қазақстан атынан Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин португалиялық Жоау Соуза және Гаштау Элиаш жұбымен кездеседі. Егер бұл ойында қазақстандық теннисшілер жеңсе қараша айында Мадрид қаласында өтетін финалдық сайысқа жолдама алады. Португалиялықтар жеңсе жекелей сында Михаил Кукушкин Жоау Соузамен, Александр Бублик Педро Соузамен кездеседі.

Назерке Абибулла

Сізден жаңалық