Дэвис кубогі: Қазақстан командасының жарыс кестесі жарияланды

13 Қараша 2019, 05:42
1581
Бөлісу:
Дэвис кубогі: Қазақстан командасының жарыс кестесі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 қараша күні Испания астанасы Мадридте теннистен ерлер арасындағы ірі дода – Дэвис кубогі басталады. Осы ретте Olympic.kz Қазақстан командасының жарыс кестесін жариялады.

Сонымен 19 қараша күні қазақстандықтар Нидерланд командасына қарсы ойнайды. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады. 

21 қараша күні Қазақстан мен Ұлыбритания арасында кездесу өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады. 

Айта кетейік, Қазақстан атынан турнирге бес спортшы қатысады. Олар: Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Александр Недовесов, Андрей Голубев және Дмитрий Попко.




Өзгелердің жаңалығы