Децлдің неден көз жұмғаны белгілі болды

3 Ақпан 2019, 12:53
2620
Бөлісу:
Децлдің неден көз жұмғаны белгілі болды

Астана, baq.kz. Бүгін танымал ресейлік репер Кирилл Толмацкий қайтыс болды. 35 жастағы музыкант баршаға Децл есімімен танымал еді. Репердің өлімі туралы оның әкесі Александр Толмацкий Facebook-те хабарлады.


Ал кейіннен концерттік директор Павел Беленец Децлдің әлеуметтік желідегі ресми парағында орындаушының өлімін растады.
«Өкінішке орай, бұл шындық... Жүрегі тоқтап қалған», - деп жазды Беленец репердің өлімі туралы хабарламада.

Кирилл Толмацкий 1983 жылы 22 шілдеде Мәскеуде туған. Ол Ресей астанасында өткен Adidas StreetBall Challenge фестивалінде сахнаға алғаш рет шыққан. Музыканттың өнер жолы осылай басталды. Ал 2000-шы жылдары реперді оның "Кто ты?" альбомы танымал етті.

Аталған альбом миллионнан астам тиражбен шыққан болатын.
Өзгелердің жаңалығы