Дербес деректер қалай қорғалады?

17 Қыркүйек 2020, 11:47
1851
Бөлісу:
Дербес деректер қалай қорғалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің өкілі Руслан Әбдіқалықов ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша комиссияның отырысында айтты.

Елімізде осыған дейін жеке дербес деректерді қорғау бойынша орган болған жоқ. Дербес деректерді жинау мен қорғау операторлардың өздеріне жүктелді. Оның салдары азаматтар мен мемлекет тарапынан дербес персоналдарды жоспарланбаған және коммерциялық тұрғыда сұрату бойынша жағдайлар көбейді. Бұл мәселені шешу бойынша 25 маусымдағы «цифрлық технологияларды реттеу туралы» заңының заң жобаларына өзгертулер енгізілді, - деді ол. 

Әбдіқалықов атап өткендей, дербес деректерге қатысты әкімшілік істерді қарау соттардың құзырынан ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша органдарға берілді. 

Осылайша, Цифрлық даму министрлігі аталған салада мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады. Біз аталған саладағы кемшіліктерді жою бойынша құқықтық және техникалық жұмыстарды жүзеге асырып жатырмыз. Атап айтсақ, дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сервис әзірленіп жатыр. Ол азаматтарға дербес деректерді қадағалау мен оларға рұқсат беру арқылы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді ол. 

Оның айтуынша, сервис азаматтарға мәліметтердің жағдайын тексеріп отыруға мүмкіндік береді. 

Жыл соңына дейін сервисті енгізу жоспарланған. Сондай-ақ киберсақтандыру түсінігі де енгізілді. Ол компьютерлік жағдаяттардан келген зиян бойынша ұйымға мүліктік шығын өтеп береді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы