Бас жаңалықтар
Депутаттың біліктілігін арттыруға 647 миллион теңге бөлінеді. Бұған Нығматулин ашуланды
03 Ақпан 2021, 12:51 2897

Депутаттың біліктілігін арттыруға 647 миллион теңге бөлінеді. Бұған Нығматулин ашуланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы мәслихат депутаттарына жаңа құқық беру жоспарланып отыр. Ол үшін 647 миллион теңге бөлінеді.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды.

Депутат Айгүл Нұркина Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиеваға жүгініп, заң жобасы мәслихат депутаттарының құқықтарын кеңейтетін нормалар енгізетінін атап өтті.

Енді мәслихат депутаттары тиісті бюджет қаржысы есебінен қайта даярлықтан өтуге және біліктілігін арттыруға құқылы болады. Өкілетті органның мәліметінше, бұл мақсаттарға 647 млн теңгеге тарта қаржы бөлінеді. Сонымен бірге заң жобасында аталған норманы қалай іске асыру тетігі ескерілмеген. Осы орайда бұл қадамдарды кімдер, қалай және қандай форматта жүзеге асырады?, - деді Айгүл Нұркина.

Бұл ретте депутат аталған норма тәжірибе жүзінде қалай жүргізілетінін сұрады. 

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, оқыту бес жылда бір рет, яғни бастапқы екі жылда қамтылады екен. Бұл тұрғыда біліктілікті арттыру мемлекеттік басқару академиясының филиалдарында өткізіледі. Сонымен қатар 40 академиялық сағат ескеріледі.

Бұл Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинг ұнамай қалды.

Жарайды, «мәслихат депутаттарының кәсіби біліктілігін арттыру» деген түсінікті нәрсе. Ал «даярлау» мен «қайта даярлау» дегенді не үшін жаздыңыздар? Сіздер оларға жаңадан диплом берейін деп пе едіңіз? 647 миллион теңгені де береміз деп отырсыздар. Артынан диплом беріледі дейсіздер. Бұл жастардың жақсы көретін әдеті, бір жылда бес дипломды алып, жүре береді. Енді оны осы заң жобасына да жазып қойыпты. Жай көшіре салған ғой. Енді өздері де не істегенін түсінбей отыр, - дейді Нығматулин.


Фото: дереккөз
Загрузка...