Депутаттыққа үміткердің анасы дауыс берді

10 Қаңтар 2021, 11:04
2245
Бөлісу:
Депутаттыққа үміткердің анасы дауыс берді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Берік Дүйсембинов №66 мектепте орналасқан №113 сайлау учаскесінде өзінің жұбайы және анасымен келіп дауыс берді.

Депутаттыққа үміткердің анасы дауыс берді

Бүгін - өте маңызды күн. Бүгін - сайлау. Өздеріңіз де сайлаудың ерекшелігін байқап отырсыздар. Халықтың саяси білімі күннен-күнге артып келе жатыр. Қыстың суығына қарамастан халық келіп дауыс беріп жатқанын көріп отырмыз, - деді ол.

Депутат бір тілегі ғана бар екенін айтты.

Бір тілегіміз бар - әділ сайлау өтсін. Бүгінгі сайлау алдағы елдің қамын ойлайтын азаматтарды таңдауға әсер етеді деп ойлаймын. Елімізге таңдаулы, жаны ашитын азаматтарды таңдап алайық, - деп түсіндірді депутат.

Депутаттыққа үміткердің анасы дауыс берді

Сондай-ақ, Берік Дүйсембинов анасымен және жұбайымен бірге дауыс беруге келгенін айтты.

Депутаттыққа үміткердің анасы дауыс берді

Бүгінгі саяси науқан өте маңызды. Бұрын біздің тұсымызда бұл үлкен мереке болатын. Соған әбден үйренгенбіз. Сайлау жақсы, әділ өтсін дейміз. Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын. Сайланып жатқан кандидаттардың жолдары ақ болсын, - деп тілек білдірді депутаттың анасы Зайырхан.

Депутаттыққа үміткердің анасы дауыс берді

Депутаттыққа үміткердің анасы дауыс берді

Депутаттыққа үміткердің анасы дауыс берді

Депутаттыққа үміткердің анасы дауыс берді

Депутаттыққа үміткердің анасы дауыс берді

Өзгелердің жаңалығы