4 мың отбасына азық-түлік себеттері жеткізілді

22 Сәуір 2021, 15:18
1869
Бөлісу:
4 мың отбасына азық-түлік себеттері жеткізілді

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда «Ел тірегі – Елбасы» акциясын қолдау мақсатында мәслихат депутаттары мен Болат Өтемұратов қоры аз қамтылған көп балалы отбасыларға және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетті.

4 000 азық-түлік себеті елдің халқы тығыз орналасқан Алматы, Нұр - Сұлтан, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Қызылорда қаласының тұрғындарына жеткізілді.

Алматыда 40-тан астам отбасы азық-түлік себеттерін алды. Себеттерді жеткізу еріктілер мен Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының күшімен жүзеге асырылды.

Пандемия кезеңінде өзекті болып тұрған тағы бір мәселе-көп балалы отбасылар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсету. Біз үшін осындай сәтте шын мәнінде қиын жағдайда болған халық топтарына қолдау көрсету маңызды. Сондықтан біз «Ел тірегі - Елбасы « акциясына үлкен ықыласпен қатыстық, - деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әсия Ақанова.

«Ел тірегі – Елбасы» акциясы 17 наурызда басталған болатын. Акцияның бастамашысы «Халық» қайырымдылық қоры.  35 000-нан астам отбасына азық-түлік себеттері жеткізілді.

«Ел тірегі – Елбасы» акциясы 2021 жылдың ішінде өтеді. Ұйымдастырушылар бизнес-қоғамдастықтың және басқа да қайырымдылық ұйымдарының барлық өкілдерін қосылуға шақырады.



Өзгелердің жаңалығы