Бас жаңалықтар
Депутаттар әртүрлі жалақы алады - Нұржан Әлтаев
03 Желтоқсан 2020, 00:17 323

Депутаттар әртүрлі жалақы алады - Нұржан Әлтаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев Қазақстанның қарапайым азаматтары мен парламентшілердің жалақысы арасындағы алшақтық туралы айтты, деп хабарлайды sputnik.kz.

Депутаттар әртүрлі жалақы алады. Көптеген критерий, жұмыс өтілі ескеріледі. Менің жалақым барлық шегерімді алып тастағанда 500 мың теңге болды. Өңірлердегі азаматтардың табысы 60-80 мың теңгеден аспайтынын ескерсек, мұндай алшақтықты әділетсіз деп санаймын, - деп мәлімдеді ол.
Сондай-ақ, Нұржан Әлтаев парламент депутаттарына жалға берілетін пәтерден кетіп қалғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қарашада Нұржан Әлтаев El Tiregi өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы негізінде өз партиясын құратынын мәлімдеді. Ол Қазақстанда саяси плюрализм жоқ екенін, тек Nur Otan партиясы бар екенін айтты.

30 қарашада Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен Нұржан Әлтаевты депутаттық мандаттан айырды. Кейін депутатты партиялық тәртіпті бұзғаны үшін Nur Otan партиясынан шығарғаны белгілі болды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...