Бас жаңалықтар
Депутат Осин: Азық-түлік мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен қымбаттады
25 Маусым 2021, 16:23 1369

Депутат Осин: Азық-түлік мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілісте азық-түлік мәселелері талқыға түскен палатаның Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті. Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бірінші кезектегі тауарлар бағасының өсуіне пандемия ғана емес, бірнеше факторлар себеп болған көрінеді.

Министрлік, қауымдастық және бизнес өкілдері, депутаттар қатысқан отырыс барысында әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының шарықтауы, импортқа тәуелділік мәселелері айтылды. Биыл біз алдыңғы жылдары орын алмаған, баға өсімінің үлкен қарқынын көріп отырмыз. Маусымаралық кезеңде бағаның өсуі байқалатын көкөністер: картоп, сәбіз, пияз, сондай-ақ, импортқа тәуелді өнімдер қант, қарақұмық жармасы және жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлар күнбағыс майы, - деді Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев. 

Оның айтуынша, жыл сайын мамыр-маусым айларында дәстүрлі баға өсімінің байқалуына маусымаралық кезеңдегі тауар қорының азаюы себеп болатын көрінеді.

Ал Ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Манатаев қымбатшылықтың болуына ауыл шаруашылығының даму деңгейі ғана емес, логистика, сауда, көлік қатынастары сынды салалардың да ықпалы орасан екендігін алға тартты. 

Мәжіліс депутаты Шамиль Осин көкөніс нарығына, мал шаруашылығы бөлігінде жем-шөп базасының болмауы, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру мәселелері сияқты біршама маңызды мәселелерге назар аударды. Сондай-ақ, сәбіз, картоп, күнбағыс майы, қант, қарақұмық, тауық еті мен жұмыртқа бағасы көтерілгенін атап өтті. Депутаттың айтуынша, мемлекеттік органдардың нақты өзара іс-қимылы болмауы салдарынан қымбаттаған.

Өз кезегінде депутаттық корпус көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, уәкілетті органдарға олардың шешу жолдарын ұсынды.


Фото: дереккөз
Загрузка...