Бас жаңалықтар
Депутат Наурыз мерекесінде сырттан келген қандастарды қуантуды ұсынды
04 Наурыз 2021, 12:36 285

Депутат Наурыз мерекесінде сырттан келген қандастарды қуантуды ұсынды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Алтынбек Нухұлы Наурыз мерекесін тойлау күндерінде елге оралған қандастардың отбасылары мен басқа этнос өкілдеріне қазақстандық паспортты салтанатты тапсыру рәсімін дәстүрге айналдыруды ұсынды. 

Ол осы жөнінде Үкіметке сауал жолдады. Алтынбек Нухұлы әз Наурызды тойлауға қатысты бірнеше ұсынысын жария етті. 

Еріктілердің белсенді қатысуымен өтетін «Наурыз мейірімі» жалпыұлттық акциясы секілді шараларының маңызы зор. Наурыздың  идеялық мазмұнын балалар мен жастар аудиториясына әлеуметтік желі және өзге де кеңістіктегі шаралар арқылы сіңірудің мәні айрықша,- деді депутат.

Ол ұлттық құндылықтардың насихаты мен рухани даму, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру тақырыбындағы өзекті ойларын ортаға салды.

Заман талабымен үндесетін бұқаралық шараларды өскелең ұрпаққа, қастерлі Отаның мен отбасыңа, туған топырағына сүйіспеншілікпен насихаттау маңызды. Сол үшін жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру үшін аумақтарды абаттандыру, бұлақтардың көзін ашу мен ағаш отырғызуды дәстүрге айналдыру қажет. Оңтүстік өңірлерде Наурыз мерекесінде және мұндай акцияны қолайлы климат кешірек келетін солтүстік өңірлерде кейінірек ұйымдастыру қажет деп санаймыз,-  деді Алтынбек Нухұлы.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...