Бас жаңалықтар
Депутат: ЕАЭО елдерінің мемлекетішілік рәсімдері мәселесі қай сатыда?
14 Сәуiр 2021, 15:50 805

Депутат: ЕАЭО елдерінің мемлекетішілік рәсімдері мәселесі қай сатыда?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Палата депутаттары бірқатар жаңа ратификациялық заң жобасын мақұлдады.

Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты ЕАЭО құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және ЕАЭО органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды.

Осы орайда Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа сауал қойды.

Құрметті Бақыт Тұрлыханұлы! Еуразиялық экономикалық одақ туралы негізгі шартқа сәйкес 2014 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ аумағында кедендік әкелу баждары бірыңғай мөлшерлері қолданылады. Өзіңіз айтып өткендей, осы хаттамамен Қырғыз Республикасы үшін өтпелі кезең Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифтерін толық енгізуге дейін тағы бір жылға ұзартылып отыр. Осыған орай, осы хаттама күшіне енуі үшін Еуразиялық экономикалық одақта мүше елдерде мемлекетішілік рәсімдер мәселесі қандай сатыда? – деп сұрады депутат.

Бұл сауалға өз кезегінде министр Бақыт Сұлтанов жауап берді.

Қырғыз Республикасы үшін өтпелі кезеңді Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифтерін толық имплементациялауға дейін ұзарту жөніндегі уақдаластықтарды іске асыруға бағытталған. Сонымен қатар үшінші елдерден әкелінетін кейбір тауарларға қатысты Қырғыз Республикасы қолданатын кедендік-тарифтік реттеу саласына түзетулер енгізу қамтылған, - деді ол.



Фото: дереккөз
Загрузка...