Депутат балаларға қарағанда түрмеде отырғандарға бюджеттен 5 есе көп қаржы бөлінетінін айтты

3 Наурыз 2021, 13:00
2234
Бөлісу:
Депутат балаларға қарағанда түрмеде отырғандарға бюджеттен 5 есе көп қаржы бөлінетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айжан Сқақова балалардың жәрдемақысы 16,8 мың теңге, ал сотталалғандарды ұстауға 88,5 мың теңге жұмсалатына ашуланды. 

Оның айтуынша, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер көп жағдайда жұмыс істей алмайды. Осы уақыт аралығында ата-аналар қаржылық шығынға тап болады. Егер толыққанды отбасында тек әкесі жұмыс істесе, жалғызбасты аналар тіптен қиналады.  

Жұмыс істемейтін әйелдерге бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері бірінші балаға 5,76 АЕК (16 801,92 теңге) мөлшерінде төртінші және одан да көп балаларға 8,90 АЕК (25 962 теңге) мөлшерінде белгіленді. Бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақының мөлшері 16 801,92 теңгені құрайды. Ал түрмеде отырған бір сотталушыға айына 88, 5 мың теңге жұмсалады. Түзеу мекемесінде отырғандарға жаза мерзімін өтеу уақыты ішінде ол қауіпсіздік, тамақ, киім, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Айырмашылық бес есе болып отыр. Еліміз үшін кімнің құны жоғары? Болашақта дәрігер, мұғалім болатын сәбилер ме, әлде ұрлық жасаған, адам зорлған немесе пара алып сотталған шенеунік пе?, - деді депутат. 

Ол мемлекеттік саясат бала тууды ынталандыру және дені сау жас ұрпақты өсіруге жағдай жасау, балалары бар отбасыларға жеткілікті материалдық қолдау көрсетуге байланысты басымдық беру керектігін айтты.

Сқақова «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының мүшелері атынан мынынандай ұсыныс жасады. 

1. Ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін бала күтімі бойынша жәрдемақыны ұлғайту;

2. Ақылы декреттік демалыс кезеңін 1 жастан 2 жасқа дейін арттыру, өйткені бұл баланы мектепке дейінгі мекемеге қабылдаудың оңтайлы жасы;

3. Баланың толыққанды дамуы үшін барлық аспектілерді, оның ішінде тамақ өнімдерін, гигиена құралдарын және даму орталықтарына кіру мүмкіндігін ескеретін жеке объективті балалар тұтыну себетін әзірлеу.


Өзгелердің жаңалығы