Бас жаңалықтар
Депутат ауыл тұрғындары көтерген мәселе туралы айтты
03 Қыркүйек 2021, 16:27 476

Депутат ауыл тұрғындары көтерген мәселе туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Қазақпарат» ХАА-ның баспасөз орталығында Президенттің биылғы халыққа Жолдауы талқыланды. Парламент Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская ауылдарды аралағанда тұрғындар көтерген мәселелер туралы айтты.

Жаз кезінде біздің депутаттар аймақтарда болды. Олардың барлығында азаматтарымыздың тарапынан көп құжат, сауал жиналып қалды.

Биылғы жылғы Жолдау азаматтарымыздың көтерген көп сұрағына жауап бере алды деп ойлаймын. Айта кететін болсам, мен Ақмола облысында жұмыс сапарымен болдым. Бұл облыста ауыл тұрғындарын толғандыратын, ең алдымен, ветеринария қызметін дамыту мәселесі болды. Өйткені ауыл тұрғындарының арасында жылағандары да болды. Шынымды айтсам, кездесу кезінде егде жастағы тұрғындар жылап, сиыр, жылқылары түрлі инфекциялардан қырылып жатқандарын айтты. Ал ветеринарлар болмаған. Сол себепті бұл мәселе қазіргі күні маңызды, - деді ол.
Ол мәселені айтсақ, соны шешу жолында жұмыс істелетінін жеткізді.
Жолдаудың маңыздылығы да осында деп ойлаймын. Сонымен қатар, келесі, алда тұрған тағы бір сұрақ – жеке қосалқы шаруашылықты дамыту. Экономистердің пікірінше, бүгінгі күні ауыл шаруашылығына бөлінетін ақша бюджетке түсетін салықтардан көп. Ауыл шаруашылығының негізгі субъектілеріне бұл көмек жетпейді. Себебі оны үлкен шаруашылықтар алып алады. Ал шағын фермалар жемсіз, жерсіз, техникасыз қалады. Депутат ретінде біздің міндетіміз - мұны тек заңнамалық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар іске асырылу барысын да қадағалау, - деп атап өтті депутат.
Ол өз сөзінде шағын моноқалаларды да дамыту мәселесін көтерді.
Степногорск, Атбасар қалаларында болдым. Оларға қараудың өзі көңіл қынжылтады. Иә, өзін-өзі қамтамасыз етіп, күнін көріп отырған кәсіпорындар да, бос тұрғандары да бар. Сондықтан Мемлекет басшысы айтқан мәселелер өте маңызды. Моноқалаларды дамыту бойынша бір емес, бірнеше бағдарламаны жүзеге асырдық. Өкінішке қарай, бұл қалалардың экономикасы мен инфрақұрылымы бүгінгі күні ауыз толтырып айтарлықтай емес. Ал бұл жерлерде миллионнан астам халқымыз тұрып жатыр. Урбанизация туралы айтатын болса, осы шағын және моноқалаларды дамыту керек, - деді Юлия Кучинская.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...