Депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі өседі
10 Қаңтар, 22:41 2545

Депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде валютадағы депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі ұлғаяды, деп хабарлайды  Ұлттық банк.

Қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамту жөніндегі Президенттің тапсырмасын орындау үшін қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры осындай шешім қабылдап отыр.

11 қаңтардан бастап ең жоғарғы пайыздық мөлшерлеме 3 және 6 айлық мерзімдегі депозиттерге қолданылады. Яғни, жинаққа қосылатын мөлшерлеме 2 пайызға өспек.

Ал бір жылдық мерзімдегі депозиттерге 1 пайыздық үстемақы қосылмақ.

Аталған шара қысқа мерзім ішінде қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтып, валюта нарығындағы спекуляцияның алдын алмақ.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Алматы мен Талдықорғаннан басқа Қазақстанның бүкіл өңірінде екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінің жұмысы қайта жанданғанын хабарлаған еді.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...